Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде дәстүрлі басқосу жалғасын тапты
13 қараша, 2023 жыл 166 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жүзеге асып жатқан «Ислам және ізгі қоғам» аясындағы  дәстүрлі бас қосу өз жалғасын тапты. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді. 

 Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште мешіт дін қызметкері Данияр Ерікұлы жиналған жамағатқа бірлік пен татулық жайында  уағыз-насихат айтты.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары