Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Әйелдер жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті
29 қараша, 2023 жыл 307 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  «Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан жастар»  атты қыздар арасындағы волейбол турнирі өтті. Волейболға аймаққа қарасты  алты мешіттен командалар қатысып, бақтарын сынады. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

1 - орынды «Әл Машани» мешіті командасы иеленді. (50 000 теңге;)

2 - орынды Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті (30 000 теңге;)

3 - орын «Бала қажы» мешіті  (20.000 теңге) 

Әрбір команда мүшелеріне жекелей медальдар тағылып, жеңімпаз командаларға арнайы дизайндағы кубоктар табысталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясымен «Әл Машани» мешітінің шәкірті Сайпырхан Мейірім марапатталып, арнайы диплом мен кубок табысталды. 

Айта кетейік, волейбол жарысына шәкірттермен қатар ұстаздарда басы қасында болып шәкірттерге қолдау білдірді. Жарыс соңы арнайы ұстаздар мен шәкірттерге жайылған «Әнет баба» мешіті асханасында жалғасын тапты. Соңында әйел-қыздар секторы Әйгерім Берікболқызы шәкірттерге уағыз айтып, барлығына алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады

 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары