Тілдік нұсқа
Радио

Фото

РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Қарағанды жамағатымен жүздесті
29 қараша, 2023 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен елімізге белгілі ұстаз, исламтанушы Арман Қуанышбаев Қарағанды  жамағатымен кездесті. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  «Әнет баба» мешітіне арнайы уағыз тыңдауға жиналатын жамағатқа: «Діни басқармамыздағы білікті исламтанушы ғалымдарымызды сіздермен кездестіріп, асыл дініміздің құндылықтарынан білім алуларыңызға жағдай жасауды әркез дайынбыз. Бүгін, міне, баршаларыңызға белгілі Арман Қуанышбаев мешітімізге келіп, сіздермен салиқалы сұхбат құрып, сауалдарыңызға жауап беретін болады. Алла Тағала мешітімізде алған тәлім-тәрбие, насихаттарымызды игілікке асыруымызды нәсіп қылғай» – деді.  

Сөз тізгінін қолына алған исламтанушы Арман Қуанышбаев ең алдымен «Ислам және ізгі қоғам», «Отбасы құндылықтары», ата - ана алдындағы міндеттер және жастар жайына кеңінен тоқталды. 

Сөз соңында ұстазымыз адам болмысында кездесетін кемшіліктерді жою мен артықшылықтарын арттыруды Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәуіріндегі уақиғалармен сабақтастыра айтып, жалпы мұсылман адамның сипаты көпке үлгі-өнеге болуы керектігін тілге тиек етті.

Уағыз соңынан белгілі ұстаз  мешітке жиналған жамағаттың тарапынан туындаған сұрақарға жауап берді.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары