Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі тағайындалды
08 желтоқсан, 2023 жыл 162 Басып шығару нұсқасы

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі тағайындалды.⠀

«Тусупбеков Асылхан Рахымжанович Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің молдасы қызметінен ауыстырылып, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі Діни басқармаға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі болып тағайындалсын»,- делінген Бас мүфти бұйрығында.⠀

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Тусупбеков Асылхан Рахымжановичті жамағатқа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар қор қызметін жаңа деңгейге көтеріп, игі іс-шараларға ұйытқы болуды тапсырды.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін қордың жауапты қызметін абыройлы атқарып,  игі істерді жүзеге асырып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Мирас Ерланұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.⠀

Тусупбеков Асылхан Рахымжанович

Білімі: 
- 2005-2009 жж. Алматы қаласы, “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университеті;
Жұмыс тәжірибесі: 
- 2009-2014 жж. Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы;
- 2014-2015 жж. Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің имамы;
- 2015-2016 жж. Қарағанды облысы, Абай аудандық мешітінің имамы;
- 2016-2020 жж. Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы;
- 2020-2021 жж. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шәшубай кенті мешітінің имамы;
- 2021-2023 жж. Қарағанды қалалық “Әл-Машани” мешітінің молдасы;
- 2023 жылдан бастап Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің молдасы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары