ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен 2023-жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен аймақ жамағатына арналған жылдың қорытындылау кеші болып өтті.
Рухани бас қосуға Қарағанды облыстық мәслихат төрағасы Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсембайұлы, облыстың зиялы қауым өкілдері мен құрметті қонақтары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен мешіт жанашырлары, қоғам қайраткерлері, дін қызметкерлері , ақсақалдар қауымы мен аймақ жамағаты қатысты.
Рухани кеш қасиетті Құран оқумен басталып, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз алды. Берекелі рухани кешке жиналған көпшілікке «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысы өкілдігінің бір жыл бойы атқарған жұмыс барысына шолу жасады.
Жиналған қауым экран арқылы Қарағанды облысы өкілдігінің бір жылда жүзеге асырған жұмысынан хабар алды.
Одан кейін, кештің құрметті қонағы, Қарағанды облыстық мәслихат төрағасы Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы арнайы сөз алып, жиналған жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдірді. Кезекті сөз кезегі Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсембайұлына беріліп, осындай берекелі кешті ұйымдастырған Қарағанды облыс өкілдігіне ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының діни ахуалынан хабар алған құрметті қонақтар ел келешегі мен өңіріміздегі діни тұрақтылық жолында бірге қызмет атқаруға дайын екендерін жеткізіп, тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.
Рухани кеште жыр насихат айтылып, термелер шертілді.
Сондай-ақ, дүйім жамағат алдында облыс бас имамы бір жыл бойы қарқынды жұмыс атқарып, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білген жылдың үздік дін қызметкерлерін марапаттап, қаржылай сертификат табыстады.
Кеш соңында берекелі басқосуға қатысқан аймақтың құрметті ақсақалдар қауымы игі шараны ұйымдастырған дін қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, бата жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер