Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы қорытындыланды.
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023-жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп атай келе, осы жылға бес бағытты бағдар етіп бекіткен болатын. Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешіті осы айтулы жылы бес бағыт бойынша қарқынды жұмыс атқарды.
Діни басқарманың басты бөлімдері саналатын «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторының жұмысы, қажылық насихаты, отандық туризм «Darhan Dala» жобасы, діни рәсімдердің орындалу барысын қадағалау, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы, шаруашылық сынды мәселелер де жыл жоспарынан тыс қалмады.
Жиын барысында аймақ имамы Нұржігіт Оразалыұлы бір жыл бойы қарқынды жұмыс атқарып, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білген мешіттің барлық дін қызметкерлеріне Өзінің алғысын білдіріп, арнайы марапаттады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер