Қарағанды облысына арнайы қызметтік сапармен келген белгілі теолог, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев кезекті насихат жұмысын Қарағанды техникалық университетінде жалғасырып, студенттермен кездесу өткізді.
Жастар алдында сөз алған білікті дінтанушы бүгінгінің басты мәселесі болып отырған жат ағымдардың себеп-салдары жайында, теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі діннің ара-жігін ажырата білу керектігін түсіндірді.
Сонымен бірге жастардың кемел болашақтың кепілі екенін айта келе, жас буынның көзі қарақты, ойы толысқан болуы әсте маңызды екенін айтты. Жастарға екі дүниенің сұлтаны – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен мысал келтіре отыра, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тілге тиек етті.
Аталмыш кездесуге ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы мен дін қызметкерлері және ЖОО-ның ұстаздары да қатысып, теолог маманға алғыстарын білдірді.
Шара соңында жастар дін өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер