Елімізге белгілі теолог, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев Қарағанды облысына жасаған арнайы қызметтік сапары барысында жергілікті полиция депортаментінде кездесу өткізді.
Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы мен дін қызметкерлері және мекеменің қызметкерлері қатысты.
Келелі отырыста дін маманы полиция қызметкерлеріне қоғамда белең алып отырған жат діни ағымдардың алдын-алуға қатысты дәріс оқыды. Сонымен қатар, дін мен дәстүр аясында насихат айтып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына тоқталды. Отанды сүю тақырыптарын тілге тиек еткен теолог бүгінгі қоғамдағы күрделенген мәселелерге, отбасының бірлігі секілді тақырыптарға да тоқтала өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер