Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Halal slice» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
04 қаңтар, 2024 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Бұл жолы «Halal slice» фаст-фуд өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.

Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы толық тексерістен өткізіп, "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады.

Сертификаттаудан өткізу барысында «Halal slice» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. Аталмыш дәмхана өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары