Қарағанды қаласы, «Молоков» көшесі, 123/11 мекен-жайында орналасқан «Аубакиров Ержан Советович» ЖК «Мирас ет» ет дүкені ҚМДБ Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленді. Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша барлық талаптарға сай екені расталды. Сертификатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер