Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды:«Зекет және қайырымдылық қоры» мұқтаж жандарға ыстық ас үлестірді
08 қаңтар, 2024 жыл 213 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық қоры»  қаладағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы мұқтаж жандарға ыстық ас үлестіріп, дастархан жайды.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу.⠀

Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы мекемедегі жандарға жүрекжарды тілегін айтып, облыс бас имамының ыстық сәлемін жеткізді.

Айта кетейік, жергілікті демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан шара барысында 254 мұқтаж жан қамтылды. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары