Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы өтті
14 қаңтар, 2024 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясын жүзеге асырды.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асқан шара барысында облыстық «Әнет баба» мешіті ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жиналған барлық қаражат Адия Қанатқызының еміне арнайы ашылған есепшотқа аударылды. 

Қайырымдылық шарасы барсыныда «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы бүлдіршіннің анасына қайырымдылық сертификатын табыстады.

Айта кетейік, игі шара «Бірлік» қайырымдылық қорының ат салысуымен және мешіт еріктілерінің қолдауымен жүзеге асты.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары