Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Зекет және қайырымдылық» қоры мүмкіндігі шектеулі жандарды зиярат етті
16 қаңтар, 2024 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі тағдырдың кермек дәмін татып келе жатқан мүмкіндігі шектеулі науқас балаларды зиярат етіп, құрмет көрсетті. 

Атап айтқанда «Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» арнайы барып, дастархан жайды.

 «Зекет және қайырымдылық» қорының өңір бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы науқас жандарға өзінің ыстық лебізін білдіріп, қор атынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сондай ақ, науқас жандардың дертіне Алла Тағаладан шипа сұрап, дұға жасады.  

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін елеп-ескерген Қарағанды өңірінің бас имамына және «Зекет және қайырымдылық» қорына шексіз алғыстарын білдіріп, жәрдемдері мен жанашырлықтары үшін ризашылығын жеткізді.

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары