Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешіті ұжымы «Достық үйі» мұражайын аралады
18 қаңтар, 2024 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Жаңадан бастау алған айтулы жыл аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті ұжымы «Достық үйі» мұражайын аралады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асқан шара барысында мешіт дін қызметкерлері көне бабалар тарихы, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен табылған бұйымдар, көне музыка аспаптары, көнеден сақталған Құран кітабы, қазақтың  байырғы және бертінгі тұрмыстық бұйымдары және салт-дәстүрлерінен сыр шертетін экспонаттар көрмесін тамашалады.

 Экскурсия барысында «Достық үйінің» дамыту бөлім маманы Шибаева Сеуле Убайдуллақызы «Достық үйінің» бүгінгі қызметі және әр елдің ұлттық құндылықтары туралы айтып берді.

Ғимараттағы ұлттық құндылықтармен танысуға арнайы келген «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы және «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты маңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы болашақ жастарға танымдық, отаншылдық тәрбие беруде үлкен міндет атқарып отырған «Достық үйі» ғимаратының қызметкерлерінің сауапқа толы қызметтеріне үлкен табыс тілеп «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты тарту етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары