Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Ислам және дәстүр құндылығы» насихатталды
18 қаңтар, 2024 жыл 200 Басып шығару нұсқасы

   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Айтулы жыл аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының  ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды.

Шараға «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысты. Шара барысында мешіт наиб имамы Ермахан Оралбай мешіт шәкірттері мен жамағатына қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Арқан тартысы», «Тоғыз құмалақ» ойындарынан бақ сынасты.  

Сайыс жеңімпаздарына «Зекет және қайырымдылық» қорының демеушлігімен арнайы сыйлықтар үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары