ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті ережеп айының құрметіне орай қайырымдылық дастарханы жайылды.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты – жамағаттың бірлігін арттыру және әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қарайласу, мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға қол ұшын созу.⠀
Қайырымдылық шарасы барысында уағыз-насихат айтылып, барлық кеш қонақтарына сыйлықтар тарту етілді. Дін мен дәстүр аясында күй тартылып, жыр шертілді.
Айта кетейік, игі шара «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Дін мен дәстүр» бағытының бірлесуімен жүзеге асты. Шараға мешіттің ерікті жастары ат салысты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер