Тілдік нұсқа
Радио

Фото

25 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді
29 қаңтар, 2024 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды  облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Асылхан Рахымжанұлының ұйымдастыруымен  әлеуметтік көмекке мұқтаж жиырма бес отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай ұйымдастырылған шара жомарт және демеуші жандардың қолдауымен жүзеге асты. 

Қайырымдылық шарасы барысында Асылхан Рахымжанұлы игі іске ат салысқан еріктілер тобы мен демеушілерге өзінің алғысын білдірді.

Сондай-ақ, рухани һәм материалдық көмек әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары