Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ 2024 – ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
30 қаңтар, 2024 жыл 373 Басып шығару нұсқасы

   Астанада ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен арнайы жиын өтіп, 2024-жылдың  жұмыс жоспары бекітілген болатын.

Жиында бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өңір имамдарының 2024 жылға арналған алғашқы жиыны өтті.

Жиынға Қарағанды облысы дін  істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы, қала, аудан, ауыл имамдары, мешіт ұстаздары  мен бөлім басшылары қатысып, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныс болды.

Облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы жуырда Астана қаласында өткен ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, бес бағыттың жұмысын қарқынды атқару, өңірдегі барлық мешіттердің жедел байланыс орнату, діни басқарманың тапсырмаларын уақытылы орындау, бес бағыт бойынша есеп беру, дін мен дәстүрдің байланысын насихаттау, жамағатпен жұмысты жаңаша бағытта үйлестіру қатарлы шараларға тоқталды.

Жиын соңында 2023 жылы белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары