«Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы имамдары арасында ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерінен турнир өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және облысқа қарасты дін қызметкерлерінің бірлігін арттыру.
Қарағанды қаласындағы «Қайрат» спорт кешенінде өткен додалы сайыста дін қызметкерлері он командаға бөліпі, дәстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу ойындары бойынша бақ сынасты.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, жүзден жүйрік деп танылған «Мұнара» командасы І орынды иеленді(100 000 теңге). Кезекті ІІ орын «Кереге» командасына тиесілі болса (70 000 теңге), жүлделі ІІІ орын «Семсер» командасының қанжығасына бұйырды (50 000 теңге).
Шара соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерінен бақ сынасқан барлық дін қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Барлық жеңімпаз командалар арнайы кубокпен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер