ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2024-жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялауына орай Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында Қарағанды облысы имамдарына арналған семинар болып өтті.
Алдымен бес бағытының бірі әрі бірегейі «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бөліміне аса басымдық беру мақсатында діни оңалту жұмысы бойынша семинар-тренинг болып өтті.
Семинар барысында бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Кемербаев Данияр Ерікұлы қоғамда өзекті болған жат ағыммен күрес жолдарын талқылап, әдіс-тәсілдер қолдану арқылы деструктивті діни бағыттардың алдын-алу мақсатында дәріс оқыды. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдар жайында ақпарат берді.
Осыдан кейін, «Құран және тәжуид» және «Фиқһ» саласы бойынша дәріс оқылды.
Қарағанды облысына қарасты барлық дін қызметкерлері бас қосқан семинарға «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты меңгерушісі Юсуфбек Шұғайұлы арнайы қатысып, «Пәтуа сағатын» ұйымдастырды. Дін қызметкерлерінің тарапынан туындаған түрлі шариғи сұрақтарға жауап беріп, ғұламалар кеңесінің мақұлдауымен жарыққа шыққан жаңа пәтуаларды таныстырды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер