ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының және Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік үлестірді.
Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының ұйымдастырылған шараның мақсаты жалғыз басты, көп балалы аналарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға қол ұшын сөзу.
«Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жаратқан Иеміз шағбан айын берекелі етіп, Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін»,- деді игі істің бас - қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы.
Айта кетейік, бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері т.б.) беріліп, үйлеріне жеткізілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер