Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Абай ауданында
09 ақпан, 2024 жыл 182 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Абай ауданына арнайы ат басын бұрды. ⠀

Аудан имамы Асхат Қанайұлы облыс бас имамына  құлшылық үйінің бүгінгі жай-күйінен хабар берді. Қызметтік сапар барысында облыс бас имамы аудандық мешітті жан-жақты аралап, күрделі жөндеуден өткен мешіттің тыныc-тіршілігімен танысты.⠀

Аймақтың діни ахуалынан хабар алмақ мақсатында облыстан арнайы ат терлетіп келген Естай Айтуғанұлы аудан әкімі Оспанов Сәбит Темешұлымен   кездесті. Келелі кездесуде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген облыс бас имамы ең алдымен жергілікті діни ахуалды басқосудың негізгі өзегі етті. Атап айтқанда, аймақтың әлеуметтік жағдайы, өңірге қарасты мешіттерді құжаттандыру және кадр мәселесі талқыланды.

Шаһар басшысы жергілікті аудан, ауыл имамдарына қолдау білдіруге әзір екенін жеткізе отырып, қаладағы жастардың имандылыққа бет бұруы мен аймақтың діни қал-ахуалы өзекті мәселелер қатарында екенін айтты. 

Облыс бас имамының қызметтік сапары Абай аудандық орталық мешітіндегі қайырымдылық шарасымен жалғасын тауып, әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік қоржынын үлестірді.

Одан кейін, жергілікті мешітке жиналған жамағатқа  жұма намазын өткізіп, «Мұсылман өміріндегі адал ас пен адал табыстың маңызы» тақырыбында жұма уағызын айтты. 

Қызметтік сапар Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде жалғасын тауып, аймақтық мешітке бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді. Облыс бас имамы аталмыш аймақтың қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті дін қызметкерлерінің  жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀
 ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары