ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» қайырымдылық акциясы аясында 100 көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірілді.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты қоғамның игілігі үшін еңбек етіп жатқан жандарға қолдау білдіру.
Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін айтып, мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті.
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер