Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы «Астана» медресесінің шәкірттерімен кездест
29 ақпан, 2024 жыл 198 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Астана қаласына барған іс-сапары барысында «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен жүздесіп, сұхбат құрды.

Облыс имамы медресенің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ, әрбір студенттің әлеуметтік жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады

«Білім алып, ғылым игеру асқан сабырлылық пен ынта-ықыласты қажет етеді. Руханият қызметшісі болуды мақсат еткендіктен, осы жолда талмай-тынбай еңбек етіп, тер төгуіңіз керек. Сіздердің міндеттеріңіз – қазақ халқының тарихымен сабақтас ислам діні құндылықтарын насихат етіп, ел руханиятын көтеру»,- деді Естай Айтуғанұлы.

Асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуға үндеді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша «Астана» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттерді Қарағанды өңірінен іс-тәжірибеден өтуге, қызмет  етуге шақырды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары