Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдарына «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжаты таныстырылды
11 наурыз, 2024 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Қарағанды облысының имамы  Естай     Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өңір имамдарына   «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинарға Қарағанды облысының бас имамы бастаған уағыз-насихат жұмыстарына жауапты дін қызметкерлері, имамдар мен ұстаздар қатысты.

Жиында баяндама жасаған бас имам Естай Айтуғаұлы: «Имам – қоғамды тәрбиелеуші тұлға, ағартушы ұстаз. Отаншыл, аманатқа адал, адамгершілігі мол иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді.
Осы ретте дін қызметкерлерін тыңдаушылар алдында байсалды мінез танытып, әр мәселеге байыппен қарауға шақырамын», – деп атап өтті.

Жиында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен форумда қабылдаған   «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжаты таныстырылды. Аталған тағылымды құжат дін қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар Қазақстан қоғамында айтылатын уағыздың әдебі мен мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етпек.
 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары