Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде «Тегін қоғамдық көлік» акциясы ұйымдастырылды
12 наурыз, 2024 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Қарағанды облысының бас имам Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен қасиетті рамазан айының құрметіне орай облыстық «Әнет баба» мешітінде тарауық намазынан қайтқан жамағатқа «Тегін қоғамдық көлік» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

«Ізгі қоғам» бағытының жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлының ұйымдастыруымен өткен акция қасиетті рамазан айы бойы жүзеге асырылатын болады.

 Айта кетейік, қоғамдық көлік жолаушыларды қаладағы «Муканов», «Университетская», «Н. Абдирова» көшелері және «Республика», «Бұқар жырау» даңғылдары бойынша шаһар тұрғындарын тасымалдайды.
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары