Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы өкілдігі жергілікті жамағатқа ауызашар берді
19 наурыз, 2024 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне орай жергілікті жамағат пен қала тұрғындарына ауызашар берілді.

Берекелі шарада асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген дін жанашырлары мен кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері және  мешіт жамағаты бас қосты.

Кештің ашылу шымылдығында берекелі ауызашардың құрметті қонағы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын арнайы сөз алып, дүйім жұртты қасиетті рамазан айымен құттықтады.

Одан кейін, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы сөз алып, аймақ жамағатына ыстық лебізін білдірді.

Мерекелік кеште лэд экран арқылы облыс дін қызметкерлерінің атқарып жатқан ерен еңбектері баяндалып, облыс өкілдігінің алға қойған үлкен жобалары таныстырылды. Атап айтқанда, Восток-3 ықшам ауданынан салынғалы отырған көп қабатты имамдар үйінің жобасы таныстырылып, осы игі бастамаға барша дін жанашырларының қолдау көрсетуіне үндеу жасалды.

Ауызашар дастарқанында термелер орындалып, заманауи дәстүр үрдісімен жарапазан жыры айтылды.

Құттықтау сөз кезегін алған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері  осындай берекелі кештің өтуіне мұрындық болған облыс бас имамы мен дін қызметкерлеріне алғыс білдіріп, діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, кештің құрметті қонақтарына қасиетті құран кітаптары салынған «Рамазан себеттері» үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары