Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан Құран секторы ашылды.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында сектордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі болып облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы
Маканов Сабит Базарбайұлы
тағайындалды.
Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында халықаралық, республикалық Құран жарыстарын тұрақты өткізіп отырудың маңызын айта келе, ҚМДБ жанынан Құран секторын ашу туралы шешімге келген болатын.
Аталған сектор Қарилар даярлау орталықтарының жұмысын жандандыруға, Құранды сауатты оқитын имамдар шоғырын қалыптастыруға, Құран жарыстарын сапалы әрі нәтижелі өткізуге жан-жақты үлес қосатын болады.
Жинын барысында Бас имам Естай Айтуғанұлы үлкен жауапкершілікті талап ететін сауапты іске жауапты болған ұстаз Маканов Сабит Базарбайұлына
сәттілік пен жұмысына береке тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер