Қасиетті рамазан айының қарсаңында бауырлас Түркия мемлекетінен келген «Уақф» қорының делегациясы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасы барысында 105 адамға ауыз ашар беріліп ,75 отбасыға азық - түлік себеттері таратылды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға қасиетті Құран Кәрім кітаптары тарту етілді.
Игі шара барысында «Jomart jurek» Қарағанды облыстық қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің белсенділер және көпбалалы аналар қамтылды.
Қайырымдылық шарасы барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы көршілес елден келген «Уақып» қорының мамандарына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер