Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде «Рамазан қоржыны» үлестірілді
24 наурыз, 2024 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж 50 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

Игі шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады. 
Қасиетті айдың құрметіне орай өткен қайырымдылық шарасында «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы   әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған қоржынды теңдей үлестірді.
Айта кетейік, қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да  өз жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары