ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен Қарағанды политехникалық университетіндегі 300 студентке «Ауызашар себеті» үлестірілді.
Игі шара Қарағанды қалалық мешіттерінің бірігуімен және мешіт еріктілерінің ат салысуымен жүзеге асты.
Шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы студенттерді рамазан айымен құттықтап, рамазан айының қадірі жайлы насихат айтты.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін қалалық мешіттердің бірігуімен жиырма мыңға жуық студенттерге үлестірілген «Ауызашар себеті» қайырымдылық акциясы рамазан айы бойы жалғасатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер