ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы берекелі ай қарсаңында қаладағы «Киелі шаңырақ» қарттар үйінде ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасы Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің біріге ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара барысында қариялар шаңырағында дастархан жайылып, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы қарияларға өзінің ыстық лебізін білдіріп, рамазан айымен құттықтады.
Рухани отырыста Құран оқылып, бата берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер