Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БІР МЕЗЕТТЕ БІР ДҰҒА ЖАСАДЫ
03 сәуір, 2024 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  «Бір мезетте бір дұға»  атты игі бастамасына Қарағанды облысы өкілдігі мен жамағаты үн қосып, су апатына байланысты Құран оқып, дұға жасады. 

 Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты бір мезетте алақан жайып:

«Уа, Алла Тағала!  Осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр!
Уа, Алла! Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында тасқын судан жапа шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы ете гөр. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр»,- деп дұға етті.
Сондай-ақ,  қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ахун-ишандар, әулиелер, алаш қайраткерлері мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Игі шара барысында облыс бас имамы жиналған жамағатқа осындай сын сағатта басына сынақ түскен халыққа жәрдем берудің маңызын тілге тиек етті. 

Қасиетті Рамазан айында жасалған жақсылықтың сауабын айтып, барынша жұмыла жәрдем беруге шақырды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттер қолдан келген көмектерін көрсетуде. Мешіт жандарынан жамағаттан арнайы еріктілер тобы жасақталып, су апаты болып жатқан аймақтарға қажетті жабдықтар мен азық-түліктер жиналуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары