ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігі Мысыр Араб Республикасында білім алып жатқан студенттерге ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында Мысыр елінде білім алып, жастық шағын ілім-білім жолына жұмсаған қазақстандық тәлімгерлер осындай игі шараны жүзеге асырған ҚМДБ-на және Қарағанды облысы өкілдігіне ризашылықтарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер