Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бабалар рухына Құран хатым дұғасы бағышталды
05 сәуір, 2024 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қазақ хандары мен батырларына, ата-бабалар рухына Құран хатым дұғасы бағышталды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен шараға аймақ дін қызметкерлері мен өңір жамағаты қатысты.

Шара барысында мешіт жамағаты  Құранды толық оқып, елім, жерім, отаным деп өткен бабалар рухына Құран оқыды.Бас имам бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары