Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ
06 сәуір, 2024 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде қасиетті қадір түні жоғары деңгейде  аталып өтті.
Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде орын шаншыр жер болмады. Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы барша мұсылман қауымын қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз - насихатын айтты. 
Облыстық мешіттегі берекелі шарадан жергілікті БАҚ өкілдері хабар алып, арнайы репортаж дайындады. 
Мешітке жиналған мұсылман жамағатына дастарханы жайылып, 500 адамға мешіт асханасы мен қазақы киіз үйде ауызашар берілді. Берекелі отырыста  Құран оқылып, барша жамағат қол жайып,  Алла Тағаладан дұға тіледі.
Барша жамағат тарауық намазын оқығаннан кейін Құран Кәрім хатым етілді, облыс бас имамы Құран хатым дұғасын жасады. Одан кейін, облыс бас имамы бір ай бойы тарауық намазын жоғары деңгейде өткізіп, Құранды хатым еткен қариға алғысын білдірді. 

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады. Сәресі уақытында 500 адамға дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары