Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы қаримен сүбелі сұхбат өрбітті
06 сәуір, 2024 жыл 55 Басып шығару нұсқасы

Мың айдан да қайырлы қасиетті қадір түнінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы облыстық «Әнет баба» мешітінде өзінің әуезде үнімен тарауық намазын өткізген  қари Сабыржан Мұхаммед Аюбжанұлымен сүбелі сұхбат өрбітті.

«Мен қалай қари болдым?» тақырыбында өрбіген сұхбат қасиетті қадір түніне жиналған дүйім жамағаттың алдында өрбіді.

Келелі әңгіме барысында Мұхаммед Аюбжанұлы облыс бас имамының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, Өзінің Құранға түсу тарихы мен оны жаттау жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар, Құран оқудың әдептері мен қасиетті кітапқа деген құрметтің қаншалықты жоғары болуы керектігін тілге тиек етті. Сүбелі сұхбат барысында Алланың қасиетті Кәләмі Құранның жинақталу тарихы да қозғалып, жиналған жамағатқа Құран жайлы  көптеген ақпараттар берілді.

Сұхбаттың толық нұсқасын жақын арада YouTube арнасындағы IHSAN.KZ каналында жариялайтын боламыз.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары