Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түні "Әл Машани" мешітіне ине шаншыр жер болмады. Рухани кеште "Әнет баба" мешітінің ниаб имамы Қоныскерей Құмарұлы барша мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз насихатын жеткізді.
800-ге жуық жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, барша жамағат қол жайып, қасиетті түні Алла Тағаладан дұға тіледі, Құран оқылды. Құран Кәрім хатым етіліп, барша жамағат тарауық намазын өткізді.
Сонымен қатар, жамағатқа сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Таң рауандап атқанша мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер