Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Саранда «Қош бол Құран айы» атты рухани кеш өтті
09 сәуір, 2024 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты  Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Қош бол Құран айы» атты  рухани іс-шарасы өткізілді. Ауызашар уақытында өткен рухани отырысқа қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен колледж ұстаздары және студенттерден құрылған 250 адам қатысты. Мешіт имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы жиналған жамағатқа "Рамазаннан кейінгі мұсылманның бейнесі" жайлы уағыз-насихат айтты. Өнер өкілдерінен Совет Жанәділ мен Зиятхан Алтынбек күй шертіп, халыққа ой саларлық термелерді жеткізді. Сонымен қатар мешіт қызметкерлері арнайы сұрақтар қойып, белсенді жауап бергендерге сый-сыяпаттар табыстады.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары