Қарағанды қалалық «Әл Машани»және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен құранға түскен шәкірттерге «Тәж кигізу» атты рухани шара болып өтті.
Игі шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы, «Бала қажы» және «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы қатысты.
Шара барысында «Құран оқудың артықшылығы мен маңыздылығы», «Құранға деген құрмет» тақырыптары аясында уағыз-насихат айтылды.
Одан кейін, мешіттерде діни суат ашып, құранға түскен шәкірттерге ұстаздар қауымы тәж кигізіп, Құран кітаптары тарту етілді.
Шара соңында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд қажы Нұрұлының атынан игі іс- шараны жоғары деңгейде өткізуге демеушілік көмек көрсеткен Алмагүл Әлібекқызына алғыс хат табысталды.
«Сізге дініміз исламды насихаттауда өткізілетін іс - шараларға демеушілік көрсеткеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Алла әр ізгі амалдарыңызды мол сауаптан жазып, шаңырақтарыңызға береке мен бақыт сыйласын»,-делінген алғыс хат мәтінінде.
Айта кетейік, мешіттерде сауат ашып, Құранға түскен шәкірттерді ынталандыру мақсатында «Тәж кигізу» рәсімі алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер