Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысына қарасты мешіттерде айт намазы оқылды
10 сәуір, 2024 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты мешіттерде айт намазы оқылды

 Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде  мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті. 

Таңғы сағат 07:00- де  айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Ұлық мейрамда аймақ имамдары  жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 

Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.

Сонымен қатар, қасиетті рамазан айы бойы тарауық намазын өткізген қариларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Мереке құрметіне жас жеткіншектерге айттық таратылып, мешіт ауласында жамағатқа ыстық ас үлестрілді.

Барша жамағат бір сапта бой түзеп айт намазын оқығаннан кейін, берекелі мейрамның құрметіне орай әзірленген дастарханнан дәм алысып, қариялар бата берісті.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары