Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы бойынша 12 000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді
12 сәуір, 2024 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті рамазан айына бекіткен тапсырмасының бірі «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы бойынша  Қарағанды облысы өкілдігі 12 000 отбасыға көмек көрсетті.

Игі шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы бойынша барлық мешіттерде әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған қоржындар  теңдей үлестірілді.

Қайырымдылық шарасы ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық қорынының» мұрындық болуымен және жомарт жандар мен еріктілер тобының ат салысуымен жүзеге асты. Сонымен қатар, «Рамазан себеті», «Ауызашар қоржыны», «Рамазан тәттілері» де үлестірілді. Облыс бойынша жүзеге асқан аталмыш қайырымдылық жобасы бойынша жалпы 12 000 отбасыға көмек көрсетілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары