Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда жат ағымның алдын-алуға бағытталған екі күндік семинар аяқталды
18 сәуір, 2024 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде  діни оңалту жұмыстарына  қатысты өткен екі күндік семинар аяқталды.

Жиынға Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Сектай Жанболат Ахуанұлы арнайы қатысты.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының мұрындық болуымен жүзеге асқан шараға діни жат ағымның алдын-алу бағатына жауапты қала, аудан имамдары мен мешіт ұстаздары қатысты.

Семинарды Астана қаласынан арнайы шақыртуымен келген  діндерді зерттеу орталығының теологы, «Әл – Азхар» халықаралық университетінің түлегі Смагулов Марат Аманжолұлы жүргізіпжат ағымдармен күрестің маңыздылығы жайында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады. Дәстүрлі ханафи мәзһабының қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын рөлі, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат берді. Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың  бағыт-бағдары түсіндірді.

Айта кетейік, екі күнге созылған семинар соңында шараға қатысқан барлық дін қызметкерлеріне  арнайы сертификаттар табысталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары