Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Қарқаралыдағы жаңа мешіт құрылысымен танысты
19 сәуір, 2024 жыл 281 Басып шығару нұсқасы

Қарқаралы ауданына арнайы іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Аудан имамы Митератбек Орынбекұлы  іргесі көтеріліп, құрылысы аяқталуға жақын қалған құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.

Бой көтеріп жатқан жаңа құлшылық үйімен таныс болған облыс бас имамы  Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.  Сондай-ақ, мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.
Айта кетсек, құлшылық үйінде бір мезетте 400 адам намаз оқи алады. Мешітте ерлер және әйелдер намаз залынан бөлек, имамдар бөлмесі мен Құран оқу бөлмесі қамтылған. Мешіт құрылысынан бөлек ғимаратының жанынан арнайы имамға арналған пәтер, дәретхана құрылысы және асхана бой көтермек.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары