Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Қарқаралы ауданының әкімімен жүздесті
19 сәуір, 2024 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару бағыты бойынша Қарқаралы ауданына  барған қызметтік іс-сапарында аудан әкімі Әділжан Арғынұлымен жүздесіп, сұхбат құрды.
Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінен арнайы келген дін қызметкерлері мен аудан имамы Митератбек Орынбекұлы және әкімдіктің бірқатар қызметкерлері қатысты.
Басқосуда облыс бас имамы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе,  өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар, өңірге қарасты ауыл-аймақ мешіттері мен дін қызметкерлерін құжаттандыру мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан қашанда қолдау білдіретіндігін жеткізіп, аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің бүгінгі жай-күйінен хабар берді.

Әділжан Арғынұлы бас имам Естай Айтуғанұлына ел келешегі мен өңірдегі діни тұрақтылық жолында бірге қызмет атқаруға дайын екенін жеткізіп, «Дін мен дәстүр құндылығы» жылы аясында  бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

Кездесу соңында облыс бас имамы аудан әкіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары