Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарқаралы: ауыл әкімдерімен онлаин жиын өтті
20 сәуір, 2024 жыл 61 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  Қарқаралы ауданына  барған қызметтік іс-сапарында  аудан әкімі Әділжан Арғынұлымен бірге аймаққа қарасты ауыл әкімдерімен онлаин жиын өткізді.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінен арнайы келген дін қызметкерлері мен аудан имамы Митератбек Орынбекұлы, әкімдіктің бірқатар қызметкерлері және Қарқаралы ауданына қарасты ауыл әкімдері онлаин түрде қатысты.

Басқосуда облыс бас имамы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе,  өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды.

 Жиында аудан әкімі Әділжан Арғынұлы елдімекеннің басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, бірнеше жоспарларды талқыға салды.

Атап айтқанда, өңірдегі мешіт құрылыстары, құлшылық үйін құжаттандыру мәселесі, аймақ халқының діни ахуалы мен дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қозғалды.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан  қолдау білдіруге шақырды.

Жиын соңында қос тарап ел келешегі мен өңірдегі діни тұрақтылық жолында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары