Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыдан Қызылжарға 18 газель және 1 фура жүк көлігімен гуманитарлық көмек аттанды
21 сәуір, 2024 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қиындықта ел бірге» бастамасымен Қарағанды облысының халқы СҚО Петропавлдағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 18 газель және 1 фура жүк көлігіне артылған 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді.

Көршілес өңірге гуманитарлық көмекті жинауға Қарағанды облысының жанашыр халқы, өңір тұрғындары, кәсіпкерлері, еріктілері, аймақ жамағаты және т.б қол ұшын созды.

Шараға ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, қайырымдылық асарын жүзеге асыруға демеуші болған барша облыс тұрғындары мен жамағатқа алғысын білдіріп, игі іс жолында сапарға шыққан жолаушыларға сәттілік тілеп, батасын берді.
Айта кетейік, Қарағанды қаласының жүк көліктерінің иелері шарапатты іске өзіндік үлестерін қосып, тегін қызмет көрсетті.

80 тоннаға жуық жиналған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, жылы киімдер, көрпе, ыдыс-аяқ, күрек, қап, резеңкелі етіктер және басқа да қажетті құрал - жабдықтар жинақталған.

ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары