Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдарына арналған «Фиқһ дәрістері» атты семинар өтті
30 сәуір, 2024 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында оқу-ағарту бағыты бойынша өңір имамдарының білімін жетілдіруге арналған  «Фиқһ дәрістері» атты кезекті семинар болып өтті.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен өткен семинарға Қарағанды облысына қарасты барлық дін қызметкерлері қатысты.

Семинарды «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы жүргізіп,  фиқһ саласы бойынша дәріс оқыды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сертификаттар табыстады.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары