Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Осакаровка ауданы әкімімен кездесті
04 мамыр, 2024 жыл 67 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару бағыты бойынша Осакаровка ауданына  барған қызметтік іс-сапарында аудан әкімі Нұрмұханбетов Руслан Есенбекұлымен жүздесіп, сұхбат құрды.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінен арнайы келген дін қызметкерлері мен аудан имамы Махмұд Қашқари Жоламанұлы және әкімдіктің бірқатар қызметкерлері қатысты.

Басқосуда облыс бас имамы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе,  өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар, өңірге қарасты ауыл-аймақ мешіттері мен дін қызметкерлерін құжаттандыру мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан қашанда қолдау білдіретіндігін жеткізіп, аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің бүгінгі жай-күйінен хабар берді.

 Руслан Есенбекұлы бас имам Естай Айтуғанұлына ел келешегі мен өңірдегі діни тұрақтылық жолында бірге қызмет атқаруға дайын екенін жеткізіп, «Дін мен дәстүр құндылығы» жылы аясында  бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Кездесу соңында облыс бас имамы аудан әкіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ершат қажы Оңғаровтың "Қасиетті Құран мағынасы мен түсініктері"  кітабын сыйға  тарту етті.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары