Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде «Қажының рухани келбеті» атты дөңгелек үстел болып өтті
21 мамыр, 2024 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде биылғы жылы қажылыққа баруға ниет еткен азаматтарға дайындық семинары ұйымдастырылды.

«Ізгі қоғам» бағыты аясында өткен жиын барысында ниет етушілерге қажылық рәсімі мен Алланың үйін зиярат етудің тәртібі, рухани сапардың маңыздылығы мен сауабы туралы толық мағлұматтар беріліп, дайындық сабақтары жүргізілді.

Бұл игі іске ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы, «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлы және «Қажылық» бөлімінің облыс бойынша жауапты меңгерушісі Сабит Базарбайұлы қатысты.

«Аллаға шүкір, жыл сайын облысымызда қажыға баратындардың саны көбейіп келеді. Әсіресе, соңғы жылдары бесінші парызын өтеуге ден койғандардың қатары көбейе түскені байқалады. Сонымен қатар,  қажылыққа баруға ниет еткен жандарға үлкен мүмкіндіктер жасальп отыр», - деді облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Жиын соңында ұлы сапарға аттанғалы отырған қариялар осындай игі дайындық жиналысын жүзеге асырған мешіт дін қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, бата берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз кызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары